Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындысы бойынша анықтама (PDF 266 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтамасы (ZIP 1106 Kb)

Протокол (PDF 393 Kb)

9 маусымда Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті 

9 маусымда Есіл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады.

 

2023 жылғы 9 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.

Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатысаалады.

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2023 жылғы 07 маусымға дейін (қоса алғанда) 22617 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. 

ҚҰРМЕТТІ ЖАЗЫЛУШЫЛАР 

2023 жылғы 26 мамырдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2023 жылғы 16 мамырға дейін (қоса алғанда) 22617 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

«СҚО Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ведомствалық жоспары

р/с

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Орындаушы

Бақылау

1

Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшік пен сенім телефонының жұмыс істеуі бойынша шара ұйымдастыру

тұрақты

А.А. Елжасова –
аударма бойынша редактор

Г.И. Стороженко – бөлім басшысы

2

Құқықтық жалпы оқулар аясында ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 ж.18.11.№410-V Заңы бойынша құқықтық түсінік беру жұмыстарын жүргізу

тоқсансайын

А.А. Елжасова –
аударма бойынша редактор

3

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарына уақытылы, негізделген жауап ұсынуда қатаң бақылауды қамтамасыз ету

тұрақты

Г.И. Стороженко – бөлім басшысы

4

Аудандық «Есіл таңы», «Ишим» ресми газеттерінде азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефонының жариялануы бойынша шараларды ұйымдастыру

тоқсансайын

А.А. Елжасова –
аударма бойынша редактор

5

Сенім телефоны мен азаматтарды қабылдау кестесін бөлімнің интернет-ресурсында орналастыру

тұрақты

А.А. Елжасова –
аударма бойынша редактор

6

Бөлім мамандарымен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Этикалық кодексі нормаларының сақталуы бойынша тіркеу журналын жүргізуді қамтамасыз ету

тұрақты

А.А. Елжасова –
аударма бойынша редактор

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрық № 31-н/қ 2020 ж. 23.09. (ZIP 1022 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған аудиороликтер (ZIP 25595 Kb)

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.

Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның игілігі болған мысалдар жеткілікті.

Аталған теріс тәжірибе өткеннің көзі бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.

Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.

Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргінде, бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау — осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен.

Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Әсіресе, аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдетті түрде қабылдап, тіпті қолдап отырғаны аса ренжітеді. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.

Бұл ретте осындай мінез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенін таңқалдырады.

Менің ұстаным бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.

Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар — кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.

Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрық № 66-н/қ 2018 ж. 26.12. (ZIP 746 Kb)

«СҚО Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ведомствалық жоспары (ZIP 12 Kb)

«СҚО Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ведомствалық жоспары

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарты

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша ведомствалық iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесi

I. Кiрiспе бөлiм:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (одан әрi — Бөлiм) Қазақстан Республикасының экономика, бюджеттiк жоспарлау және бюджеттi орындау облыстарында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтердi жүзеге асыратын және ауданның коммуналдық меншiгiне қатысатын мемлекеттiк орган болып табылады.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң заты:

Аудан бюджетiнорындау және жоспарлау облыстарында мемлекеттiк саясатты құру және жүзеге асыруды, ауданның коммуналдық меншiгiн басқаруға қатысуды қамтамасыз ету.

Бөлiм келесi мiндеттердi жүзеге асырады:

  1. Аудан аумағында мемлекеттiң бiрыңғай мемлекеттiк экономикалық, бюджеттiк және қаржылық саясатын жүзеге асыру.
  2. Әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында аудан бюджетiнiң жоспарлауын және атқарылуын реттеу.
  3. Ауданның бюджетттiк қаражатын басқару және аудан әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiк нысанын басқаруға қатысу.
  4. Бюджеттiк мониторингтi жүргiзу (жиi, бюджет атқарылу көрсеткiштерiнiң талдауы мен қадағалауының жүйелi жиыны).
  5. Ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргiзiлдi:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi»КММ, бөлiм басшысы Галина Ивановна Стороженко. Заңды мекенжайы: 150500 ҚР СҚО Есiл ауданы Явленка а. Ленин к-сi, 10, электрондық мекенжайы: e-oeif@mail.ru, т/ф:8(71543)2-17-96, 2-11-91.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтiң өткiзiлу кезеңi: 2017 жылдың 22 тамызынан 2017 жылдың 26 тамызына дейiн.

4. Байқау кезеңi: 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 31 шiлдесiне дейiн.

II. Ақпараттық-аналитикалық бөлiгi:

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 31 шiлдесiне дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмiне 74 өтiнiм түстi, оның iшiнде 62 өтiнiш — жазбаша, 12 өтiнiш жеке қабылдауда болды және барлығына жеке қабылдау барысында ауызша түсiнiк берiлдi. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс бойынша жауапты тұлға бекiтiлдi. Азаматтардың өтiнiштерi ұдайы бақылауда.

Қарастыру мерзiмдерi сақталады, мерзiмi шығып кеткен өтiнiштер жоқ. Есептер СҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының арнайы есеп және құқықты статистика бойынша комитетi басқармасына мерзiмiнде тапсырылады.

Жемқорлық жауаптылыққа тартылған, керi қылықтар бойынша жұмыстан босатылған, Әдеп Кодексiнiң нормаларын бұзған жағдайлар 2017 жылдың есептiк кезеңiнде тiркелген жоқ.

Бөлiмде мемлекеттiк аппарат беделiн нығайту мен қоғамда жемқорлыққа шыдамаушылық атмосферасын қалыптастыру, жемқорлықтың пайда болуын алдын алуға бағытталған мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша қолданыстағы заңнамада негiзгi ережелерге түсiнiк беру бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi меңгеру бойынша мамандарға арналған құқықтық оқулар ұйымдастырылған.

«СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi»КММ 1 мемлекеттiк қызмет қағаз түрiнде КММ арқылы көрсетiледi:

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» (ЖАО). Бөлiм өз жұмысындаҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекiтiлген, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну Ережесiн басшылыққа алады.

Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында сенiм телефоны, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесi жүйелi түрде басылымға шығады, ресми интернет-ресурсы бар.

III. Қорытынды бөлiм

Қорытындылар

1.Қоғамның мемлекеттiк органдарға, мемлекеттiк қызметте қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыру және мемлекеттiк қызметкерлердiң әдепсiз қылықтарын алдын ала хабарлауға бағытталған iс-шараларды ұдайы негiзде өткiзу;

2. Бөлiмнiң ресми интернет-ресурсына сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы маңызды және толық ақпараттарды жүйелi түрде орналастыруды қамтамасыз ету;

3.Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша заңнамаларды меңгеру жөнiнде құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру және өткiзу.

Мақаланы құрған күні 23.01.2018 17:14

Мақаланы жаңартқан күні 28.07.2023 16:45

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz