«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылда мемлекеттік қызметті көрсету сұрағы бойынша есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
2022 жылы Бөліммен 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну».

2022 жыл ішінде бөліммен барлығы 238 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • электронды үкімет порталы арқылы 170 мемлекеттік қызмет көрсетілді (44 – тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алуға, 126 – көтерме жәрдемақы алуға);
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы – 68 қызмет (8 – тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алуға, 60 – көтерме жәрдемақы алуға).

Бөліммен көрсетілетін барлық қызметтер тегін.

Тұрғындардың қолжетімділігі және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпарат (стандарттар, көрсетілетін қызметтің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері) стендтері орналастырылған. Сәйкесінше ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан. Бөлімнің стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, тұрғындарды қамту 175 адамды құрады.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақытылылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы жұмыс электрондық режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді арттыруға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға ықпал ететін түсіндіру іс-шараларына, мемлекеттік қызмет көрсетуде халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңның сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын, оқыту семинарларын жүргізуге бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы
Г. Стороженко

28.04.2023
Қаралым саны: 1721
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz