Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға» жобасының сенім білдірілген агенті болып Отбасы банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды

Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.

2023 жылы 1 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлемі — 345 000 теңгені (100 АЕК) құрайды.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру — 5 175 000 теңге (1500 АЕК).

Кредит осы елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен жылдық 0,01%-бен 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Бұған дейін бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет болатын. Енді рәсімі жеңілдетіліп, цифрлық форматқа ауыстырылды.

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Банктің клиенті болудың бірнеше жолы бар:

  • Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, оның көмегімен ағымдағы шот пен депозит ашыңыз;
  • Ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалыңыз;
  • банктың жақын жердегі бөлімшесіне немесе консультациялық орталыққа хабарласыңыз.

Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне otbasybank.kz. платформасы арқылы да өтініш беруге болады.

Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға арналған өтінішті бір уақытта беруге болады.

«Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу күнін банк қосымша хабарлайды.

Қазіргі уақытта «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілуде.

Осы бағытта жұмыс жүргізілуде. 

20.04.2023
Қаралым саны: 1752
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz