2017 жыл бойынша «Дипломмен селоға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат

2017 жылда 17 маманға үй сатып алуға (салуға) 1500 АЕК көлемiндегi 3 403 500 теңгенi құрайтын бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшiн республикалық бюджет кредиттерiнен 57 859 мың теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан жағдайы бойынша аталған әлеуметтiк қолдау шаралары жалпы 57 859 мың теңге сомаға 19 маманға берiлдi, соның iшiнде салалар шеңберiнде:

  • Денсаулық сақтау — 3;
  • Бiлiм — 13;
  • Әлеуметтiк қамсыздандыру — 1;
  • Спорт — 1;
  • Агроөнеркәсiп кешенi — 1 маман.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 39 маманға көтерме жәрдемақы түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшiн 6195 мың теңге қарастырылды, жәрдемақы көлемi 70 АЕК немесе 158 830 теңгенi құрайды.

2017 жылдың 1 қыркүйек жағдайына 39 маманға 6 194,4 мың теңге төлендi, соның iшiнде салалар бойынша:

  • Денсаулық сақтау — 6;
  • Бiлiм — 30;
  • Әлеуметтiк қамсыздандыру — 1;
  • Спорт — 1;
  • АӨК — 1 маман.
25.12.2017
Қаралым саны: 1235
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz