2017 жылдың 8 айы бойынша «Дипломмен селоға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат

2017 жылда 17 маманға үй сатып алуға (салуға) 1500 АЕК көлемiндегi 3 403 500 теңгенi құрайтын бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшiн республикалық бюджет кредиттерiнен 57 859 мың теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша аталған әлеуметтiк қолдау шаралары жалпы 57 119 мың теңге сомаға 18 маманға берiлдi, соның iшiнде салалар шеңберiнде:

  • Денсаулық сақтау — 3;
  • Бiлiм — 12;
  • Әлеуметтiк қамсыздандыру — 1;
  • Спорт — 1;
  • Агроөнеркәсiп кешенi — 1 маман.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 39 маманға көтерме жәрдемақы түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшiн 6195 мың теңге қарастырылды, жәрдемақы көлемi 70 АЕК немесе 158 830 теңгенi құрайды.

2017 жылдың 1 қыркүйек жағдайына 39 маманға 6 194,4 мың теңге төлендi, соның iшiнде салалар бойынша:

  • Денсаулық сақтау — 6;
  • Бiлiм — 30;
  • Әлеуметтiк қамсыздандыру — 1;
  • Спорт — 1;
  • АӨК — 1 маман.
29.08.2017
Қаралым саны: 1319
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz