«Дипломмен селоға!» бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат

Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2017 жылда үй сатып алуға (салуға) бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуға 57859 мың теңге жоспарланды.

2017 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 11 маманға 34034,5 мың теңге бөлiндi, соның iшiнде салалар бойынша:

  • бiлiм — 7 маманға 2020627,5 мың теңге сома;
  • денсаулық сақтау — 3 маманға 10207 мың теңге сома;
  • әлеуметтiк қамсыздандыру — 1 маманға 3200 мың теңге сома.

Сонымен қатар, аталған Бағдарлама бойынша 70 АЕК көлемiнде көтерме жәрдемақы түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетiледi. 2017 жылға 39 маманға 6195 мың теңге сома жоспарланды.

Есептiк мерзiмде аталған мемлекеттiк қызмет 20 маманға жалпы 3177 мың теңге сомаға көрсетiлдi, соның iшiнде салалар бойынша:

  • бiлiм — 12 маманға 1905,96 мың теңге сома;
  • денсаулық сақтау — 5 маманға 794,2 мың теңге сома;
  • әлеуметтiк қамсыздандыру — 1 маманға 158,8 мың теңге сома
  • спорт — 1 маманға 158,8 мың теңге сома;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 1 маманға 158,8 мың теңге сома.
13.06.2017
Қаралым саны: 1307
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz