Бюджеттік жоспарлау
2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті

Алдағы үш жылдық кезеңдегi негiзгi бюджеттiк саясат Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауында көрсетiлген негiзгi бағыттар болып табылады.

2017-2019 жылдарға арналған Есiл ауданының бюджетi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне, «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемi туралы», «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына сәйкес құрылып, бекiтiлдi.

«2017-2019 жылдарға арналған Есiл ауданының бюджет жобасын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылдағы 14 қазандағы № 286 қаулысы және Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9/49 шешiмi негiзiнде 2017-2019 жылдарға арналған Есiл ауданының бюджетi бекiтiлдi.

2017 жылға арналған кiрiс және шығыс бойынша аудандық бюджет 3658,3 млн. теңге көлемiнде бекiтiлдi, соның iшiнде аудандық бюджет — 453,9 млн. теңге, 57,4 млн. теңге өсiммен.

Аудан бюджетiне түсiмдер келесiнi құрды:

  • жеке кiрiстер — 453,9 млн. теңге,
  • республикалық бюджеттен:
  • субвенциялар — 2808 млн. теңге,
  • нысаналы трансферттер — 197,9 млн. теңге,
  • нысналы кредиттер —57,9 млн. теңге,
  • бюджеттiк кредиттердi өтеу — 19,8 млн. теңге,
  • облыстық бюджеттен — 198,4 млн. теңге.

2017 жылы инвестициялық жобаларға 164,2 млн. теңге бағытталды, соның iшiнде республикалық бюджеттiң нысаналы трансферттерi есебiнен — 159,2 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен — 5 млн. теңге. Басым бағыттар ретiнде мәдениет, спорт, сумен қамтамасыз ету, тұрғын-үй құрылысы, көлiк инфрақұрылымын дамыту салалары анықталды.

Бұқаралық кәсiпкерлiк және өнiмдi жұмыспен қамтуды дамыту Бағдарламасы аясында iс-шараларды жүзеге асыруға 159,2 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде:

республикалық бюджет — 175 млн. теңге, соның iшiнде бағыттар бойынша:

  • қызметтiк үйлердiң құрылысы — 130,7 млн. теңге;
  • инженерлiк-қатынас инфрақұрылымын дамыту — 28,4 млн. теңге;
  • жастар тәжiрибесi — 7,8 млн. теңге;
  • көшуге жәрдемақы ұсыну — 4,6 млн. теңге;
  • еңбекақы төлемiн бөлшектеп жәрдемақылауға — 3,5 млн. теңге;
  • облыстық бюджет — 164,6 млн. теңге, соның iшiнде:
  • мобильдi орталықтардағы оқуларды қоса алғандағы, нарықта сұранымға ие жұмыс кадрларын қысқа мерзiмдi кәсiби оқу — 17,1 млн. теңге;
  • оралмандар мен көшпелiлер үшiн жайды жалға беру (жалдау) бойынша шығындарды орнына келтiруге жәрдемақы — 7,5 млн. теңге;
  • әлеуметтiк сала нысандарының күрделi, ағымдағы жөндеулерi — 140 млн. теңге.
  • 2017 жылға арналған Есiл ауданының бекiтiлген бюджетi 3658,3 млн. теңгенi құрды, салалар бойынша:
  • бiлiм — 2450,6 млн. теңге,
  • әлеуметтiк қорғау— 188,3 млн. теңге
  • мәдениет — 93,9 млн. теңге,
  • спорт — 5,4 млн. теңге
  • БАҚ — 8,3 млн. теңге,
  • Тiлдердi дамыту — 0,5 млн. теңге
  • Жастар тәжiрибесi — 2,5 млн. теңге,

Барлығы әлеуметтiк-мәдени iс-шаралар — 2749,5 млн. теңге немесе 75,2 аудан бюджетiнен пайыз

  • қорғаныс — 8,5 млн. теңге;
  • басқару органдары — 453,2 млн. теңге
  • ЖАО резервтерi — 9,1 млн. теңге,
  • нақты сектор — 515,4 млн. теңге
  • соның iшiнде:
  • сумен қамтамасыз ету — 1 млн. теңге,
  • жолдар— 157,1 млн. теңге,
  • үй құрылысы және сатып алу — 135,7 млн. теңге,
  • инженерлiк-қатынас желiсi — 28,4 млн. теңге,
  • эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге — 49,8 млн. теңге,
  • ТКШ және елдi мекендердi абаттандыру — 16,8 млн. теңге,
  • селоларға әлеуметтiк сала мамандарын қолдауға — 75,4 млн. теңге,
  • «Өңiрдi дамыту» бағдарламасы бойынша — 24,4 млн. теңге,
  • өзгелерi — 26,8 млн. теңге.
23.05.2017
Қаралым саны: 1239
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz