Есіл ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының хаттамасы

Явленка с. 
аудан әкiмдiгi 
отырысының залы

2017 жылғы 23 қаңтар
сағат 10.30.

Отырыс тәртiбi:

1. «2016-2020 жылдарға арналған Есiл ауданы аумағының даму бағдарламасын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы №50/130 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихаты шешiмiнiң жобасын қарап талқылау.

Қоғамдық кеңесi отырысының төрайымы: Ғ.А. Аманжолова — «Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң кәсiби одағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң «Есiл ауданының бiлiм қызметкерлерiнiң кәсiби одақ ұйымы» филиалының төрайымы, Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Қоғамдық кеңесiнiң төрайымы.

Қоғамдық кеңесiнiң хатшысы: И.В. Терминас — «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының аппараты» ММ-нiң бас маманы.

Қоғамдық кеңесiнiң отырысында Қоғамдық кеңесiнiң мүшелерi қатысты: А.К. Бектасова, Қ.А. Әбiлғазин, Т.К. Мұқашев, С.Қ. Базарбаев,
С.М. Әбiлмәжiнова, О.А. Кондратьева.

Қоғамдық кеңесiнiң мүшелерiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен берiлген құжат зерттелдi («2016-2020 жылдарға арналған Есiл ауданы аумағының даму бағдарламасын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы №50/130 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихаты шешiмiнiң жобасы).

Қоғамдық кеңесiнiң мүшелерiнен мәслихат шешiмiнiң жобасына ескертулер мен ұсыныстар жоқ — ЖАҚТАП — 8 адам дауыс бердi.

Қоғамдық кеңесi отырысының қорытындылары бойынша пiкiрлермен алмасып, Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Қоғамдық кеңесiнiң мүшелерi ұсынады:

  1. «2016-2020 жылдарға арналған Есiл ауданы аумағының даму бағдарламасын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы №50/130 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы мәслихаты шешiмiнiң жобасы ұсынылған редакцияда мақұлдансын.
  2. Осы Қоғамдық кеңесi отырысының хаттамасы және Қоғамдық кеңесiнiң ұсынымдары жоғарыда көрсетiлген шешiмнiң жобасын қабылдауға бастамашылық еткен «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жiберiлсiн.

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Қоғамдық кеңесiнiң мүшелерi ДАУЫС БЕРДI: ЖАҚТАП — 8; ҚАРСЫ — жоқ; ҚАЛЫС ҚАЛҒАН — жоқ.

Солтүстiк Қазақстан облысы
Есiл ауданы Қоғамдық
кеңесiнiң төрайымы Ғ. Аманжолова

23.01.2017
Қаралым саны: 1239
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz