«СҚО Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Ауданның селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызмет 2015 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ берілген болатын.

2015 қаржылық жылда «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға бюджеттік несиелер» бағдарламасы бойынша Есіл ауданының селолық елді мекендеріне келген 16 маманға тұрғын-үй сатып алуға және салуға несие бөлу үшін 47568 мың теңге жоспарланды.

2015 жылдың 25 маусым жағдайы бойынша 5 маманға 14865 мың теңге сомаға несие бөлінді, соның ішінде 3 маман білім саласы бойынша, 2 маман агроөнеркәсіп кешені бойынша.

«Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда 52 маманға көтерме жәрдемақы беруге 7215 мың теңге жоспарланды.

2015 жылдың 25 маусым жағдайы бойынша 10 маманға жалпы 1387,4 мың теңге сомаға көтерме жәрдемақы берілді, соның ішінде 1 маман денсаулық сақтау саласынан, 6 маман білім және 3 маман агроөнеркәсіп кешенінен.

26.06.2015
Қаралым саны: 398
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz