Ақпараттық парақ

Қаржылық пирамида тартылған, ақшалай қаражаттан түскен табыс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес жаңа салымшылар және жаңақшалай қаражат тарту есебінен төленетін, ақшалай схема болып табылады. Бұл ретте, бірінші салымшыларға келесі клиенттер есебінен қомақы табыс төленеді деп уәде беріліп, әлеуетті салымшылар, ақшалай қаражат салуға ынталандырылады. Сөйтіп, пирамида схемасы бойынша пирамиданың «соңындағы» көп адам жоғарыдағы аз адамғақша төлейді, ал әр кезкелген жаңа қатысушы жоғарыға жылжу және жаңадан қосылатын адамдардың жарналары есебінен табыс алу үшін, ақша төлейді. Бұдан басқа, қаржылық пирамида жалған жарнама көмегімен жоғары табысты, сонымен қатар сенімді, қоғамға пайдалы және нығыз кепілдері бар жоба болып көрінуі мүмкін.

Қаржылық пирамида схемасын пайдаланып, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын адамдардың жауапкершілігі қазақстандық заңнамада қарастырылған. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабымен көзделген қылмыстың белгілеріне жатады.

Қаржылық пирамидалар айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік қауіп төндіреді. Ұйымның қаржылық күйреуі және нәтижесінде азаматтардың салған, ақшаларынан айырылуы пирамида қызметінің нәтижесі болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, қаржылық пирамидаларға қатысқан жағдайда салымдардан айырылу қауіпі туралы ескереміз.

08.08.2012
Қаралым саны: 665
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz